Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

«Цифрлық құралдарды қолдану арқылы сабақ тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Цифрлық құралдарды қолдану арқылы сабақ тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

📍«Әдебиет және тілдер» бөлімі бойынша «Бүгінгі ұстаз келбеті: көптілді, креативті,жаңашыл және рухани бай тұлға» тақырыбындағы мамандық айлығының жоспарына сәйкес 8.01.2026 жылы ШТ206 тобында оқытушы Шандаулова И.А. «Цифрлық құралдарды қолдану арқылы сабақ тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
🔹Іс-шара ұйымдастыру кезеңімен басталып, қатысушылар іс-шараның тақырыбы мен мақсаты туралы ақпарат алды.

🔹Негізгі бөлімде цифрлық құралдардың білім беру процесіндегі рөлі туралы баяндамалар тыңдалды. Баяндамашылар сабақ барысында қолданылатын цифрлық платформалар мен онлайн ресурстардың тиімділігін атап өтіп, оларды практикада қолдану тәжірибесімен бөлісті.

🔹Білім алушылар интерактивті тақта, онлайн платформалар және цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы өткізілген сабақ үлгілерін ұсынды. Қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, цифрлық құралдарды қолдану барысында туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

🔹Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша цифрлық құралдарды жүйелі және мақсатты қолдану сабақ тиімділігін арттыратыны анықталды. Білім алушылар цифрлық технологияларды оқу процесіне енгізу тәжірибесін одан әрі жалғастыру және өзара тәжірибе алмасуды күшейту туралы шешім қабылдады.

 

 

kk ru en