Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

Библиотека

Библиотека

КОЛЛЕДЖ КІТАПХАНАСЫ - САПАЛЫ БІЛІМНІҢ СЕНІМДІ КЕПІЛІ


             Ақтөбе гуманитарлық колледжі  кітапханасы 1922 жылы оқу орны құрылған уақыттан бастап жұмыс жасайды.  Кітапхананың жалпы ауданы 198,80 м2.

Колледжде студенттерді рухани-адамгершілік құндылықтар аясында тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Қазіргі таңда колледж кітапханасының кітап қоры  - 73 048 дана кітапты құрайды. Оның ішінде оқулықтар - 64 493, көркем әдебиеттер – 8555 дана. Кітапханашылар кітап қорын толықтыру мақсатында «Атамұра». «Мектеп», «Фолиант», «Арман ПВ» және т.б. баспаларға тапсырыс беріп, студенттердің білім көкжиегін кеңейтуге барынша күш салуда. Колледж кітапханасындағы жалпы оқырмандар саны - 1800. Заманауи техникалық жабдықтармен жабдықталған.  Кітапхананың 60 орындық оқу залында ғаламторға қосылған 12  моноблок, 10 ноутбук, Интерактивті тақта, сенсорлық экран, А4 форматта түрлі түсті принтер, сканер, 2  кондиционермен жабдықталған. Жаңа ақпараттық технологияларды кітапхана жұмысына  енгізу, ақпарат ресурстарын қалыптастыру, Интернет желісін пайдалану кітапхананы дамытуға  мүмкіндік береді және  жұмыс мазмұнын өзгертеді. 

Қазіргі кезеңде ақпарат ресурстары және олардың көздерінің  тез өсуі, жаңа коммуникативті технологиялардың дамуы оқырмандардың сұраныстары бойынша берілетін ақпараттың сапасын, дәлдігін  және қолжетімділігін арттыра түседі.

Колледж кітапханасы қазіргі таңда «Автоматтандырылған кітапханалық жүйе - КАБИС» бағдарламасымен жұмыс жасайды. 

2021-2022 оқу жылында  кітапхана қорына барлық мамандықтар бойынша   “ALEM BOOK”  баспасынан 360 дана  электронды оқулық пен оқу-әдістемелік құралдар алынды. Бұл оқулықтарды  alemlibrary.kz  сайтына кіріп оқуға да болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж кітапханасында  жоспарлы түрде әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапар қорының электронды базасын қалыптастыру, студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында барлық оқырман пайдаланатын QR кодталған кітаптар бар. Оқырмандарға қажетті оқулықтар электронды түрде  колледж сайтында жүктелген. 

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің мерейтойына орай, «100 жылдыққа 100 шара» ақциясы мен «оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Booklover» оқырмандар клубы мүшелері және "Әдебиет және тілдер", "Мәдениет және саз", "Бастауыш білім беру" бөлімдерінің студенттерінің қатысуымен  Ақтөбе өңірінің талантты  ұлдарының бірі - ақын, драмматург, прозаик, сазгер, өнер зерттеушісі, термеші, ән мәтіндерін жазған Бәкір Тәжібаевтың шығармашылығына арналған «Жырым - пырағым» және «Ғасырда бір туылар ғажайыбым» тақырыбында поэзия, ән, әдеби  кештер өткізілді.  


       


        


 

E:\Desktop\Ғабит М\САЙТҚА ҒАБИТ М. 11.04.22ж\WhatsApp Image 2022-04-11 at 12.01.47.jpeg E:\Desktop\Ғабит М\САЙТҚА ҒАБИТ М. 11.04.22ж\1 4337-a393-a3023b8ee351.jpg


E:\Desktop\Ғабит М\САЙТҚА ҒАБИТ М. 11.04.22ж\2 162-472e-8a9f-4cbe7fae12cf.jpg E:\Desktop\Ғабит М\САЙТҚА ҒАБИТ М. 11.04.22ж\5 56-5814-422f-be22-0bbc75ba5c9f.jpg


E:\Desktop\Ғабит М\САЙТҚА ҒАБИТ М. 11.04.22ж\WhatsApp Image 2022-04-11 at 12.17.36 (2).jpeg E:\Desktop\Ғабит М\САЙТҚА ҒАБИТ М. 11.04.22ж\WhatsApp Image 2022-04-11 at 12.17.39.jpeg

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Оқыдың ба – басқаға бер» вookcrossinq акциясы


Кітапханада «Оқы да, басқаға қалдыр!» буккроссинг алаңы үздіксіз жұмыс жасайды. Студенттер, ұстаздар, оқыған кітаптарын осы алаңға өткізіп, қалаған кітаптарын алады, кітап алмасады.     Буккроссинг бұрышын ашудағы мақсат - кітаптардың оқылымнан шығып қалмай, өз  оқырманын табуына ықпал ету, әр оқырман өзі ұнатып оқыған  кітабын өзгелермен бөлісіп, кітабымен  алмасу, жастардың кітапқа деген  қызығушылығын ояту, рухани мәдениетін көтеру.

E:\Desktop\ШАРАЛАР ТІЗІМІ-21ж\А.Байтұрсынов -150ж\Өзін-өзі тану -22ж\WhatsApp Image 2022-02-03 at 00.50.27.jpeg

Колледж кітапханасында «Booklover», «Самға" оқырмандар клубы,  "Zhana gasyr"  дебат клубы жоспар бойынша тұрақты жұмыс жасайды. Аталған клуб мүшелері "Өмір қызығы өлеңмен" тақырыбында дөңгелек үстел, "Әдеби караоке" форматында кеш, "Әдеби қолтырауын", "Центон", "Тұлғаны тап" шығармашылық ойындары және т.б. шаралар өткізеді.   

Еркін форматта өтілетін «Booklover» оқырмандар клубында студенттер өздерінің оқыған қызық және  өмірлік тәрбиесі мол кітаптарымен бөліседі. Оларды таңдаудағы мақсатын, оның өз өміріндегі және бала тәрбиесіндегі маңызын және кітаптың мотивациялық әсерін әңгімелейді,  мазмұнымен бөліседі. Жыл сайын Ақпарат күніне орай жаңа  оқулықтар мен кітаптар көрмесі ұйымдастырылады.

E:\Desktop\ШАРАЛАР ТІЗІМІ-21ж\Оқуға құштар колледж жобасы\a8c9aa7b-704e-4f0c-9824-fec517200dea.jpg    E:\Desktop\ШАРАЛАР ТІЗІМІ-21ж\Оқуға құштар колледж жобасы\812ed888-365d-4b22-8276-19b2fd374147.jpg


E:\Desktop\ШАРАЛАР ТІЗІМІ-21ж\Оқуға құштар колледж жобасы\9c4f1cf9-8c69-4615-924c-920d701d1282.jpg

           Алдағы уақытта да «Оқуға құштар колледж» жобасы бойынша жұмыстар жалғасын таба бермек. Кітап – рухани азық беретін құдіретті құндылық, адамзатты тәрбиелеудің басты құралы. Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады.  «Адамды адам ететін – кітап» - деген сөз текке айтылмаса керек. Ғабит Мүсірепов: «Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік», – деген болатын. 

Кітапты  таңдап, талғап оқи  білу, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы  шарттардың бірі. Сондықтан өскелең ұрпақ үшін  кітап байлық, асыл қазына.  


Оқулықтар  мен кітаптар көрмесі

                 4dcfa614-87b3-474d-9a3c-9e39c75966fa


kk ru en