Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

Отделение «Дошкольное образование»

Отделение «Дошкольное образование»

Еліміздің білім беру саласында өз үлесін қосып келе жатқан, білімнің шын мәніндегі  киелі шаңырағы, іргелі оқу ордасы - Ақтөбе гуманитарлық колледжіне биыл 100 жыл!            Өзінің  тарихында  өміршең істерін жасай білген  қара шаңырақта көптеген  қоғам қайраткерлері  білім алса, табалдырығында елеулі еңбегімен ел мақтанышы болған ұлы ұстаздардың ізі қалды. Оқу ордасының тарихы  жылдан жылға жалғасып, бүгінгі күндермен сабақтасып жатыр. Өткен ғасырдың қайта құру жылдары оқу орнының алдына жаңа талаптар қойды, педагогикалық училище  колледж статусына  ие болды. Кейін  педагогикалық  колледж мәдени ағарту колледжімен  біріктіріліп, білімнің ақ ордасына айналды. Ақтөбе гуманитарлық колледж атағына ие болған оқу орны мұғалім  мамандарын даярлауда  қанатын кеңге жайып, заманға сай білім берудің биігіне  көтеріліп келеді.  

      Колледждің негізгі міндеттерінің бірі - ХХІ ғасырдың жоғары білікті, бәсекеге қабілетті педагог маманын даярлау болғандықтан, бізден де жоғары шеберлікті, белсенді азаматтық позицияны, адамгершілікті, өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуды, шығармашылықты талап етеді. Бұл қасиеттердің барлығы оқыту кезінде қалыптаса бастайды және одан әрі кәсіби қызметте тұлғаны қалыптастыруға негіз болады. 

      «01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының  оқу орнындағы тарихы 1972 жылдардан бастау алады. 1990 жылдары балабақшалар жабыла бастаған кезде тәрбиеші мамандығы "Бастауыш білім беру" бөлімінде қосымша мамандық ретінде дайындала бастады. Аталған мамандық бойынша бөлімді әр жылдары  Сокова (Ящук) Тамара Дмитриевна,  Герцен Лариса Степановна, Кенжебаева Райгуль Серикбаевна, Акжигитова Асия Таукеновна, Жакебаева Айнур Танатаровна басқарса, қазіргі таңда  Алпамысова Толкын Акмырзаевна басқарып отыр.  

Бөлімде мамандар даярлау жұмысында ұзақ жылдар бойы табысты еңбек еткен Татьяна Николаевна Кондратьева, Фабрикова Таисия Николаевна, Линник Лидия Дмитриевна,  Морозова Александра Ивановна,  Қауанова Қибат Қауановна, Халикова Альфия Мухамедиевна, Булатова Ботагөз Жунусовна, Атизбаева Манар Сагинтаевна, Байганова Лейла Бегимжановна, Тымбаева Жамиля Алиевна, Уразгалиева Сафура Жумабаевна, Сәрсенова Күләш Шалабаевна, Нурасканова Анаргуль Басеповна, Умарова Ирина Петровна сияқты ардагер ұстаздарды үнемі мақтан етеміз.   

1  2

2007 жылдан бастап елімізде балабақшаға деген сұраныстың артуына байланысты "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығы бойынша мамандар даярлау қажеттілігі туындады. Қазіргі кезде «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінде екі бірлестік жұмыс жасайды. Оқытушылар құрамына келетін болсақ, жоғары санатты оқытушы: Нурасканова Анаргул Басеповна, Жанар Төрежанқызы, педагог-зерттеушілер: Умарова Ирина Петровна, Шангалаева Рабиға Комытовна, педагог-сарапшылар:  Курманбаева Нургуль Шораевна, Жакебаева Айнур Танатаровна, Алпамысова Толкын Акмырзаевна,  Ильясова Гульнур Бакыткереевна, Шаргабаева Гульзат Ерболатовна, Алдиярова Эльмира Алтынбековна, Каналина Нурмира Қайратқызы, Сарсенбаева Лаззат Муратовна, педагог-модераторлар: Нысанкуатова Дамели Ергожаевна,  Нұрманов Ғайса Меңдібайұлы, Сарбасова Роза Әбжановна, Султанмуратова Альбина Ақылбекқызы, Сисенова Гулсамал Адилжановна, Алпамысова Гульмира Казисқызы, Ыбраймова Ардақ Юсуповна, Амирова Кызжибек Абаевна.



WhatsApp Image 2023-04-18 at 08

Техникалық және кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жетілдіру мақсатында,   2016-2017 оқу жылынан бастап «01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының жекелеген топтарына дуалды оқыту жүйесі енгізілді.  Студенттердің теориялық білімдерін практикада қолдануы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Жұмыс оқу жоспары дуалды оқыту экспериментін жүзеге асыру үшін келісімшарт негізінде Ақтөбе облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы,  жұмыс беруші  мекеме ЖШС «Балақай»,   ЖШС «Ботақан» ББО келісімшарттар жасалды. Дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алған алғашқы 24 түлек жұмысқа орналасып табысты еңбек етуде. Қазіргі уақытта дуальды оқыту жүйесі  оқу процесінде жалғасын тауып отыр. 

5

            Бүгінгі таңда бөлімде  кәсіби шыңдалған  мамандар еңбек етуде, олар үнемі  өзінің кәсіби деңгейін арттырып отырады. 2015 жылы И.П Умарованың жетекшілігімен бір топ студенттер Алматы қаласында өткен "Дарынды педагог - дарынды балалар" Республикалық педагогикалық олимпиадасында I жүлделі орынға ие болды. 2017 жылы республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Туған жер» республикалық жерлестер форумына бөлім оқытушы Т.А.Алпамысова және бірнеше студенттер қатысты. 

          2018 жылы «Бақытты бала» облыстық жобасы аясында ерекше білім беруді кажет ететін балалардың әлеуметтенуі мен коғам өміріне бейімделуіне, саусақ моторикасы мен шығармашылық кабілеттерін дамыта отырып, айналамен қарым-қатынасқа түсуіне жәрдем беретін «Сенсорлық үйшік» дидактикалык кұралын дайындап,  А.Нурасканова, И.Умарова білім басқармасының және Р.Шангалава, Н.Курманбаева, А.Жакебаева, Ж.Төрежанқызы, Т.Алпамысова облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың Алғысхатымен  марапатталды. 

2

2019 жылы өткен аймақтық «Worldskills  Kazakhstan 2019» чемпионатына оқытушы А.Т.Жакебаеваның жетекшілігімен қатысқан бөлім студенттері М.Аманғос  бас жүлде, А.Великанова І жүлделі орынды иеленсе,   М.Аманғос V Республикалық «Worldskills  Kazakhstan  2019» чемпионатына  жолдама алып  сертификатқа ие болды. 2019 жылы «Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті» республикалық жобасына М.Аманғос  қатысып дипломмен марапатталды.

67

    


3

2021 жылғы өткен аймақтық «Worldskills  Kazakhstan 2021» чемпионатына оқытушы И.П.Умарованың жетекшілігімен  қатысқан  Ю.Кононенко бас жүлде, ал Республикалық «Worldskills  Kazakhstan 2021»  чемпионатында III орын иеленді. 2022 жылғы аймақтық «Worldskills  Kazakhstan 2022» чемпионатына оқытушы Т.А.Алпамысованың жетекшілігімен қатысқан Ш.Е.Саяділова I орын,  оқытушы Ж.Төрежанқызының жетекшілігімен қатысқан  А.Бекетайқызы  II орын иеленді. Республикалық «Worldskills  Kazakhstan 2022»  чемпионатына Ш.Е.Саяділова қатысып, сертификатқа ие болды. 

8  9

      Бөлім  оқытушылары әр жылдары колледжішілік, облыстық және республикалық дәрежедегі құрмет грамоталары және алғысхаттармен марапатталып келеді.  ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен 2009 жылы Нурасканова Анаргул Басеповна,  2015 жылы Умарова Ирина Петровна, 2017 жылы Шангалаева Рабига Комытовна марапатталды.   

2022 жылы Шангалаева Рабиға Комытовна "Үздік ашық сабақ-2022 жыл" халықаралық байқауында Бас жүлде иеленді және медальмен марапатталды және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің "Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, проблемалар, перспективалар" атты Республикалық бірінші съезіне "Мектепке дейінгі ұйымдағы жаңартылған білім беру жүйесі" тақырыбындағы баяндамасымен қатысты. 2022 жылы колледжішілік  «ЖЫЛ АДАМЫ-2022» атағына «ие болды.

10      4

2017-2018 оқу жылынан бастап Курманбаева Нургуль Шораевна, Алпамысова Толкын Акмырзаевна  жетекшілігімен «Сырғалым» қыздар клубы жұмыс жасайды. Аталған клуб  түрлі деңгейде сыныптан тыс шаралар ұйымдастырып тұрады. 2018 жылы студенттер мен олардың  жеңгелерімен «Сырлы жеңгем – сұлу қыз» тақырыбында Республикалық деңгейде  шара өтті.   Ақтөбе гуманитарлық колледжі жанынан құрылған «Жаңа ғасыр» дебат клубы жұмыс жасайды және  Д.Нысанкуатованың   жетекшілігімен колледжішілік, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі шараларға қатысып жүр.  Бөлім студенттері М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 90 жылдық және қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың 100 жылдық мерейтойына орай «Мәншүк CUP – 2022» атты турниріне қатысып жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

11

         Атырау облысындағы жастар саясатының дамуына зор үлес қосқан, жастардың    көшбасшысы, жанашыры бола білген Бопылдықов Асқар Төребайұлы атындағы "ATYRAU CUP V" республикалық пікірсайыс турниріне және "Ақтөбе гуманитарлық колледжіне 100 жыл" атты кәсіпттік-техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген облыстық дебат турниріне  белсене қатысты. 

Қазіргі уақытта «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша  9  топ бар. Бөлімде 208 студент білім алуда, барлық топтар  мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды.  Оқудағы үздік білімімен, қоғамдық жұмыстар мен спорттық шараларда  ерекше белсенділігімен көзге түскен студенттер  жыл сайын өтетін  «Ұстаз. Жастар. Болашақ» форумында   марапатталады.

            0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығын 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі бойынша  осы уақыт аралығында 10 мыңға жуық  маман бітіріп шықты. Барлық бітірушілердің 95%-ы мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, бүгінде қалада және ауылдық жерлерде балабақша  меңгерушісі, әдіскері, тәрбиеші болып қызмет атқаруда. Сонымен  бірге лауазымдық қызметтер атқарып отырған түлектерді атап өтуге болады.   Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірбиелік орталығының әдіскері  Жамансарина Рахима Сагиевна, ҚР Президентінің әкімшілігі Баспасөз қызметінің кеңес берушісі Әлиева Гаухар Мирамқызы,  Астана қаласы ТОО «ВАВY  KZ» мекемесінің директоры Жанаева Жадыра Аргиновна, Ақтөбе қаласы  № 33 балабақша меңгерушісі Кусмамбетова Ботакөз  Куантаевна, №49 балабақша меңгерушісі Жаулыбаева Дина Жолмурзиновна,  №15 балабақша әдіскері  Усенова Асия Бакытжановна және т.б. зор мақтанышпен айта аламыз.   

    «Мектепке дейінгі тәрбие» бөліміндегі тәжірбиелі оқытушылар Р.К.Шангалаева, А.Б.Нурасканова, И.П.Умарова озық тәжірибелерін облыс көлемінде таратып, жас оқытушыларға тәлімгерлік көмек көрсетеді. Бөлім оқытушылары Н.Ш.Курманбаева, А.Т.Жакебаева, Ж.Төрежанқызы, Т.А.Алпамысова колледждің оқу-әдістемелік кеңесінің жоспарларына сәйкес  ғылыми-тәжірибелік орталықпен, Облыстық тілдерді дамыту орталығымен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамымен, педагогикалық шеберлік орталықтарымен бірлесе отырып, шебер-класс, ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, коучингтер өткізіп  іс-тәжірибелерімен алмасады.

       Қазақстанның болашағына тәлім-тәрбие беретін педагог мамандарды даярлап отырған білім ордасының дамуына «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығында жұмыс жасайтын оқытушылар да өз үлестерін қосып келеді.  


kk ru en