Борьба с коррупцией
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау нәтижелері бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Ақтөбе қаласы 2025
жылғы 11 маусым
Ақтөбе
жоғары гуманитарлық колледжінің Сыбайлас
жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау колледж
директорының 2024
жылғы
30 сәуірдегі 229 бұйрығына
сәйкес жүргізілді.
Талдауды жүргізу кезеңі:
2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығы.
Талданатын нысан туралы мәлімет:
Мекенжайы: Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы,Есет батыр 73
Талдау нысаны: Ақтөбе жоғары
гуманитарлық колледжі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге
асырылады:
1) Білім беру ұйымдарының қызметіне
ықпал ететін ішкі нормативтік құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
анықтау;
2) Ұйымдастырушылық және
басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ақтөбе жоғары
гуманитарлық колледжі ТжКББ ұйымының құзыретіне жататын функцияларды, жоспарлы
құжаттарды, нормативтік-құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның
жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге,
мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған іске асыру функцияларын жүзеге
асыру міндетті болып табылады.
ТжКББ ұйымы өз қызметі мен
өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, «Білім
туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілеріне,
өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, облыс әкімдігінің Қаулыларына, шешімдеріне,
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне, басқарма
басшысының бұйрықтарына, басқарманың ішкі еңбек тәртіп ережелеріне сәйкес
жүзеге асырады.
Ақтөбе жоғары
гуманитарлық колледжінде Қазақстан
Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан
Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында көрсетілген
мәселелерге қатысты лауазымдық құқық бұзушылықтардың алдын - алу және оны
болдырмау мақсатында тиісті деңгейде жұмыстар атқарылуда.
Жалпы колледжде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық деректері осы уақыт аралығында орын
алмаған. Пара беру, алу заң бұзушылық болып табылатындықтан, колледждің
көрнекті жерлерінде пара беруші тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке
тартылатындығы туралы ескертулер, хабарландырулар қойылған.
2021
жылдан бастап Ақтөбе
гуманитарлық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметі құрылған.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес заңы және
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стратегия туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығында көзделген
талаптарды колледжінің қызметкерлері және оқытушылар назарына үнемі жеткізіліп
отырады.
Сонымен қатар,
колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі бойынша 2025 жылдың
басынан бастап сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында шаралар өткізіліп
тұрады.
Одан бөлек
колледждің өндірістік кеңестерінде, директор жанындағы отырыстарда, колледж
қызметкерлерімен оқытушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың
алдын алуға бағытталған жұмыстар түсіндіріліп отырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі
жұмысының негізгі мақсаты «Ақтөбе жоғары
гуманитарлық колледжінің» оның жұмыскерлерінің
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын
сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен
ең үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың
негізгі қағидаттары колледжде сақталуда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
анықтау, бағалау және қайта бағалау жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесі Заңға сәйкес
тиімді іске асырылуда.
Колледжде жалпы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
жасаған тұлғалар дерегі орын алған жоқ.
Жоспар