«ОТДЕЛ КУЛЬТУРЫ И МУЗЫКИ»
«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЗ» БӨЛІМІ
«...Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр» -деп М.Әуезов айтқандай, ғылым мен мәдениетті меңгерген жас ұрпақ еліміздің жарқын болашағының кепілі.
Мәдениет және музыка саласының мамандарын даярлау барысында заманның ағымына сай жаңашылдықпен, шығармашылық ізденіспен еңбек етіп отырған оқытушылар құрамы бар «Мәдениет және саз» бөлімі 100 жылдық тарихы бар білімнің қара шаңырағы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің үлкен бір мәдени, шығармашыл бөлігі деуге болады.
«Мәдениет және саз» бөлімінің ұжымы
Бөлім тарихы өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастау алады. 1958 жылы педучилищенің мектеп бөлімінде қосымша «Музыка пәнінің мұғалімі» мамандығы енгізілді. 70-жылдары мектепке дейінгі балалар және музыка мекемелерінің көбейіп, өріс алуына байланысты 1970 жылы музыка бөлімі орыс тілінде ашылды. 1982 жылы қазақ тілінде ашылып, қос тілді музыка бөлімі жұмыс жасады. Оны әр кезеңде В.Семченков, М.Байғанин, Б.Бекниязов, И.Борисов, А.Урмурзина сияқты білікті мамандар басқарды. Бөлімде музыка пәнін оқытатын арнайы орта білімді мұғалімдер даярлады. Оларға білікті ұстаздар Ы.Райымбергенов, М.Байғанин, Х.Қыдырбаев, А.А.Перевязко, Қ.Айманов, Н.И.Сидоренко, В.Е.Сидоренко, В.С.Семченков, А.Урмурзина, В.Л.Вивчарский, Ө.Бекмұхамбетов, И.И.Сажень, Н.В.Попик т.б. дәріс берді.
Ең алғаш рет колледжде аралас хор ұжымы 1985 жылы Айтбаева Нағима Айтбайқызы мен Искарина Жамила Сурагановнаның ұйымдастыруымен құрылды. Сол жылдар еңбек жолдарын бастаған жас мамандар Н.А.Айтбаева (бас гитара), Ж.С.Искарина(қобыз), М.М.Жусупова(ритм гитара), Э.А.Абишева(ұрмалы), А.С.Искарина (соло гитара), Ж.Ү.Байбактиналар(синтезатор) ұйымдастырған «Тек қана қыздар» вокалды-аспаптық ансамблі көпшіліктің есінде болар. Жастардың жаңа бастамасы сол кездегі училищенің барлық мәдени шараларының көркі болды.
1987 жылы «Студенческая весна» фестивалінде хор ұжымы «Бас жүлдені» иеленді. Жыл сайын өтетін сайыста жүлделі орынды қанжығаларына байлап, колледждің абыройын арттыруға сүбелі үлес қосқан майталман ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз.
Училищенің алғашқы хор ұжымы. Жетекшілері Н.А.Айтбаева,Ж.С.Искарина,концертмейстер М.Қ.Бірәлі
Еліміздегі әлеуметтік қиыншылықтар кезінде 1992 жылы «Музыка» бөлімі жабылды. 1997 жыл Ақтөбе педагогика училищесі мен Мәдени ағарту училищесі біріктіріліп, «Музыка» бөлімі қайта құрылды. Бөлім меңгерушісі қызметін әр жылдарда О.З.Иманғалиева, М.К.Капизов, Б.М. Ерғазиевтер атқарды. Жаңа құрылған бөлімде мәдени демалысты ұйымдастырушы, оркестр жетекшілері, би ұжымының жетекшісі, графикалық дизайн, киім дизайны, кітапхана ісі мамандары даярланды. Бұл мамандарды даярлауда аянбай еңбек еткен білім беру саласының тәжірибелі ұстаздары О.З.Иманғалиева, А.Сарбаева, М.К.Капизов, Н.А.Ешмухамбетов, О.Аекешова, Е.Ерғалиев, М.Сабыржнов, В.П.Артыс, Г.А.Сагинова, Қ.Байкубеков, А.С.Ермекбаева, Ж.С.Искарина, Н.А.Айтбаева, Н.Е.Мукеева, Н.М.Асқарова, А.К.Баймағанбетова, С.М.Хатырова, М.Мырзашева, Б.Шойғарина, Н.Нұрғазина, Г.Жумагелдина, Д.Д.Токова, Ж.Ш.Бернияшева, Р.И.Ақболатова, С.Орынбаева, Т.М.Порхоменко,Г.А.Назаренко, О.В.Крюковская, М.К.Каликов, М.К.Бірәлі, Г.К.Каликоваларды ерекше құрметпен айта кеткен жөн.
2005 жылы 0108000 «Музыкалық білім беру» мамандығы қайта ашылып, бөлім кеңейіп, «Мәдениет және саз» бөлімі атанды. Бөлім меңгерушісі болып ҚР білім беру ісінің үздігі Ж.Искарина (2005-2011) бекітілді.
ҚР білім беру ісінің үздігі Жамила Сурагановна Искарина
«Музыкалық білім беру» мамандығына 25 талапкер қабылданып, жаңа кезеңнің жаңаша бастамаларымен ізгі жолға түсті. Осы жылдары «Мәдениет және саз» бөлімінің құрамында «Технология», «Киім дизайны» мамандықтары да болды. Аталған мамандық бойынша білікті мамандар А.У. Досумбетова, Ж.А.Самарбаева, Г.Ш. Әлжанова, Ш.Р. Ақназарова, Л.А. Акчурина, А.Қ. Досова, С.Ж. Бөлеков, Г. Ш. Шумановалар дәріс берді. Одан әрі, жас буын Р.Е. Даулетиярова, А.Ж.Мурзағалиева, В.Жусупалиева, Н.Қ.Жетімекова, С.К. Накипова., Ж.Т .Зорбаева, И.Ж. Кенжегалинова, С.О. Көбейсін, Г. Ізтаева, Н.Бижан, А. Нұсқабаева, Г.К, Бултенова секілді мамандар жаңа кадрларды дайындау арқылы басталған істі лайықты жалғастырды. Студенттер қалалық, облыстық және республикалық көлемде ұйымдастырылған байқауларға белсене қатысты. Олар жыл сайын колледж қабырғасында ғана емес, облыстық, қалалық деңгейде өткен көптеген мәдени шараларда табиғи және жасанды материалдардан өз қолдарымен жасаған шығармашылық жұмыстарын көрмеге қойып, жоғары бағаларын алып отырды.
Технология мамандығы оқытушылары В.Жусупалиева, Г. Бультенова, Г.Әлжанова, Р.Даулетиярова колледж бітіруші түлектерімен дипломдық жоба қорғау сәті
Бөлімді әр жылдарда Акжигитова Асия Таукеновна (2011-2012), Картанова Айгүл Әбдіқалыққызы (2012-2018), Бекова Жадыра Маханбетовна (2018-2019), Қартанова Айнұр Әбдіқалыққызы (2019-2020), Шумакова Шолпан Ахметовна (2020-2022) басқарды.
2022 жылдан бастап «Мәдениет және саз» бөлімін оқу үрдісін іскерлікпен ұйымдастыра білетін білікті маман Гулмирам Косымовна Даулеткалиева басқарып келеді.
Бөлімде 56 оқытушы қызмет жасап, 217 студент «Музыкалық білім беру» мамандығында «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі» біліктілігі, «Әлеуметтік - мәдени қызмет, халықтықтық көркемөнер шығармашылығы» мамандығында «Ұйымдастырушы-педагог» біліктілігі, «Халықтық көркем шығармашылық» мамандығында «Көркемөнерпаздар халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) жетекшісі, оқытушы» біліктілігі және «Көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымының жетекшісі, оқытушы» біліктілігі сонымен қатар, «Кітапхана ісі» мамандығында «Кітапханашы» біліктілігі бойынша білім алуда. Бөлімде 4 пән бірлестігі жұмыс істейді, оны өз ісінің шеберлері Ш.Шумакова, З.Максимова, А.Картанова және Г.Куламанова басқарады.
Бөлім оқытушылары жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру ісінде аса жауапкершілікпен, шығармашылық ізденіспен нәтижелі еңбек етуде. Олар «Педагог зерттеуші» біліктілігіндегі оқытушылар Э.Абишева, М.Жусупова, А.Кулгарина, А.Қартанова, З.Максимова, А.Байтурешова, Ш.Шумақова, Д.Уракова, Г.Сатмагамбетова, З.Куанышева. Жоғары санатты оқытушылар А.Абишев, С.Перевязко, Ш.Айнабекова, А.Қарғабаева, И.Кенжеғалиева, А.Жусупова, Н.Булекеева, Г.Салыкова, Ж.Жайшылыкова. «Педагог сарапшы» біліктілігіндегі оқытушылар Г.Даулеткалиева, А.Курманова, М.Қуспанов, Ж.Искакова, Г.Карина, Г.Ерғалиева. «Педагог модератор» біліктілігіндегі оқытушылар В.Рожков, Г.Куламанова, Ж.Байсейтова. Сонымен қатар, бөлім Г.Есмақанова, Ж.Ибраева, А.Шынтемирова, Г.Олжабаева, Т.Телмағанбетов, С.Кушкенбаева, М.Кузнецова, А.Мұқанбетғазина, К.Нуралиев,С.Жұбатқан, Р.Төрежанов, Г. Жүсіпова, С.Рашит, Т.Өтебай, А.Куспанова, Ж.Калыбекова сияқты жас талантты оқытушылармен толығуда.
Колледж оқытушылары және студенттері белгілі өнер зерттеуші,күйші А.Ы.Райымбергеновпен бірге
«Мәдениет және саз» бөлімі оқытушылары
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Е.Г.Нұрғалиев, ҚР композиторлар одағының мүшесі, дирижер Т.С.Алагузов және оқытушысы М.О.Куспанов колледж студенттерімен бірге
Өңірге ғана емес, республикаға белгілі білімнің қара шаңырағындағы ұлы ұстаздардан қалған сара жолды үздіксіз ізденіспен, тынбас талаппен жалғастырып, колледждің абройын арттырып, ұстаздық жолда аянбай еңбек еткен және бүгінгі күні де ұстаздық ұлы жолды аброймен алып келе жатырған «Мәдениет және саз» бөлімінің бірқатар ұстаздар легіне тоқталып өтейік.
Искарина Жамила Сурагановна - хор және дирижерлау пәндерінен дәріс берді. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі. Ардагер ұстаз. 2005-2011 жылдар аралығында «Мәдениет және саз» бөлімінің тізгінін қолына алып, шыншыл, өткір мінезді, сөзімен ісін дәлелдейтін басшы бола білді. Өз ісінің шебері, білікті ұстаз Жамила Сурагановнаның жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесінде бөлім студенттерінің үлгерімі мен білім сапасы колледж бойынша ең жоғарғы көрсеткіште болды. Студенттердің сабаққа қатысымы мен тәрбиесінде темірдей тәртіп орнатты. Студенттер барлық мерекелік шараларда ат салысып, үлкен беделге ие болды. Жамила Сурагановна профессор Ниетжан Берікұлымен бірге жазылған «Қазақ тілі сабақтары», «Қолданбалы қазақ тілі», «Педагогика», «Жантану», «Мектептану», «Жас ерекшелік және педагогикалық психология» т.б еңбектердің авторы. Білім саласындағы көп жылғы нәтижелі еңбегі үшін бірнеше мәрте Білім және Ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Айтбаева Нағима Айтбайқызы - хор және дирижерлау пәндерінен дәріс берді. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі. Ардагер ұстаз. Музыка бөлімі ашылған жылдан бастап, зейнеткерлік жасқа дейін осы бөлімде аянбай адал еңбек етті. Бірнеше жыл оқу әдістемелік бірлестігі жетекшісі қызметін атқарып, бөлімнің әдістемелік жағынан нығаюына зор еңбек сіңірді. Нағима Айтбайқызының «Музыкалық сөздік» әдістемелік құралы, «Өнерді әнмен тербеткен» сценарийлер жинағы т.б оқу әдістемелік құралдары бар. Сонымен қатар көптеген әндерді хорға лайықтап өңдеді. Білім саласындағы көп жылғы нәтежиелі еңбегі үшін бірнеше мәрте Білім министрлігінің, облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Каликов Малик Кусайнович - баян класынан дәріс берді. Ардагер ұстаз. Малик Кусайнович студенттерге баян аспабын ойнаудың қыр-сырын меңгертумен қатар, жас оқытушыларға әдістемелік көмек, бағыт-бағдар беріп отырды. Тәжірибелі ұстаздың баян класында оқыған студенттер қазіргі таңда облыстық, республикалық мектептер мен мекемелерде баян аспабын насихаттауға зор үлесін қосып жүр. Білім саласындағы көп жылғы нәтижелі еңбегі үшін бірнеше мәрте Білім жыне Ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бірәлі Майра Қайрлақызы - музыка теориясы, сольфеджио, фортепиано пәндерінен дәріс берді. Ардагер ұстаз. Майра Қайрлақызы «Майра апайдың сабақтары» атты ютуб каналында 35 үздік сабақты жүктеп, жас мамандарға тәжірибесін таратуда. «Фортепианоға арналған пьесалар» жинағы, «XVIII ғасырдағы Батыс Еуропа композиторларының шығармашылығы», «XIX ғасырдағы Батыс Еуропа композиторларының шығармашылығы» атты электрондық орта әзірледі. Майра Қайрлақызы бірнеші топқа жетекшілік етті. Жоғары ұйымдастырушылық және шығармашылық еңбектің нәтижесінде Майра Қайрлақызының жетекшілік еткен тобы бірнеші жыл қатарынан «Үздік топ» атағын иеленіп,100 пайыз білім сапасын көрсетіп отырды. Білім саласындағы көп жылғы нәтижелі еңбегі үшін бірнеше мәрте Білім министрлігінің, облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ақболатова Роза Ысқаққызы – музыка теориясы және сольфеджио пәндерінен дәріс берді. Ардагер ұстаз. Музыка мамандығын игертудегі нотаның қыр-сырын ұғындыратын әліппесі осы пән. Роза Ысқаққызының музыка теориясы пәнін жүргізудегі шеберлігінің арқасында студенттердің пәнге деген қызығушылығы өте жоғары болды. Мұғалімнің сол еңбегін әлі күнге дейін шәкірттер бағалап, алғыс айтып жүр. «Музыкалық сөздік» әдістемелік құралы т.б еңбектері бар. Білім саласындағы көп жылғы нәтижелі еңбегі үшін бірнеше мәрте Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Абишев Ахат Әбілхайырұлы - дауыс қою пәнінің оқытушысы. Студенттердің ән айту мәдениетін қалыптастыруға ерен еңбегі сіңген ұстаз. Көптеген халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар жүлдегерлерін тәрбиелеп шығарды. «Ән қанатында» жинағы, «Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту» әдістемелік құралы т.б жұмыстары бар. Білім саласындағы көп жылғы нәтижелі еңбегі үшін бірнеше мәрте Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Рожков Владимир Николаевич – баян класының оқытушысы. 1982 жылдан бері еңбек етіп келе жатырған тәжірибелі ұстаз. Владимир Николаевич бірнеше мәрте республикалық, облыстық деңгейдегі семинарларда шебер класс, ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді. Студенттері республикалық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр. Колледждің халық аспаптар оркестрінің белді мүшесі.
Владимир Николаевич облыстық білім басқармасының, ғылыми тәжірибелік орталықтың, «Өрлеу» БАҰО –ның және колледж кәсіподағының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Айнабекова Шолпан Каримовна - қазақ биі пәнінің оқытушысы. Тәжірибелі ұстаз. ҚР мәдениет саласының үздігі. Республика, облыс бойынша хореография мамандарын даярлауда өлшеусіз үлес қосып жүрген өз ісінің кәсіби шебері. Халықтық «Гүлдер-Айым»қазақ биі ансамблінің жетекшісі. Студенттері республикалық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр. Білім және мәдениет саласындағы көп жылғы нәтежиелі еңбегі үшін бірнеше мәрте Білім және Ғылым министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жусупова Мейрамкуль Мейрхановна - баян және мектептегі музыкалық тәрбие беру әдістемесі пәні оқытушысы. Педагог-зерттеуші. Тәжірибелі ұстаз. Шебер әдіскер. Мейрамкуль Мейрхановна көп жылғы тәжірибесінің нәтижесінде “Мектептегі музыкалық тәрбие беру әдістемесі” әдістемелік құрал, «Балабақша және мектеп әндерінің жинағы», «Музыкалық тәрбие беру әдістемесі пәніне арналған слайдтар жинағы» электрондық орта, «Музыкалық тәрбие беру әдістемесі пәніне тест жинақтары», «Мектептегі музыка пәнінен ҚМЖ жинағы», «Жаңа технология- заман талабы» атты әдістемелік құралдарды және “Wordskills” чемионатына “Музыкалық білім беру ” құзіреттілігі бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірлеп, жарыққа шығарды. Бірнеше мәрте республикалық, облыстық деңгейдегі семинарларда шебер класс, ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді. Ең алғаш рет «Музыкалық білім беру» құзіреттелігі бойынша өткен VI республикалық “Wordskills” чемионатының жеңімпазын дайындады. Білім саласындағы көп жылғы нәтижелі еңбегі үшін бірнеше мәрте Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен, 2021жылы облыс әкімінің орынбасары Б.Елеусинованың алғыс хатымен марапатталды.
Абишева Элеонора Әжібайқызы - баян класының оқытушысы. Педагог-зерттеуші. Тәжірибелі ұстаз. Студенттері республикалық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр. Колледждің халық аспаптар оркестрінің белді мүшесі. «Сырнай сазы әуендері», «Балабақшадағы музыкалық тәрбие беру» әдістемелік құралы, «Ән қанатында» жинағы бар. Элеонора Әжібайқызы облыстық білім басқармасының, ғылыми тәжірибелік орталықтың, «Өрлеу» БАҰО –ның және колледж кәсіподағының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Аббасова Лариса Касеновна - баян, аккордеон пәндерінен дәріс берді. Педагог-зерттеуші. Тәжірибелі ұстаз. Шебер әдіскер. Студенттері республикалық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Бірнеше мәрте республикалық, облыстық деңгейдегі семинарларда шебер класс, ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Бірнеше жылдар қатарынан «Музыкалық аспаптар» пән бірлестігі жетекшісі міндетін атқарды. Мамандықтың оқу жұмыс бағдарламаларын әзірледі. Білім саласындағы көп жылғы нәтижелі еңбегі үшін бірнеше мәрте Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сатмагамбетова Гулнара Найзабаевна – фортепиано класы оқытушысы. Педагог-зерттеуші. Тәжірибелі ұстаз. Шәкірттері халықаралық «Таланттар әлемі», «Алтын адам мекені», «Алтын күн», І республикалық «Жас түлек» фортепиано байқауларының, ғылыми -практикалық конференциялардың жеңімпаздары. Республикалық, облыстық деңгейдегі семинарларда шебер класс, ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді. Сонымен қатар, «Фортепиано аспабына арналған мектеп шығармалары», «Детский альбом в фортепианном творчестве П.И. Чайковского и этапы работы над музыкальными произведенииями» әдістемелік құрал және электрондық ортаны жарыққа шығарды. Гулнара Найзабаевна облыстық білім басқармасының, ғылыми тәжірибелік орталықтың, «Өрлеу» БАҰО –ның және колледж кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Даулеткалиева Гулмирам Косымовна – кітапханатану, библиография пәндерінің оқытушысы. Тәжірибелі ұстаз. Педагог- сарапшы. 2022 жылдан бастап «Мәдениет және саз» бөлімінің меңгерушісі. Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқытушы Гулмирам Косымовнаның «Библиографиятану» оқу әдістемелік құралы, қашықтықтан оқыту кезінде «Онлайн – режимінде кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсету үшін – идеялар» көмекші әдістемелік құралы бар. Сонымен бірге, өз зерттеу тақырыптары бойынша үнемі ізденіп, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі ғылыми практикалық конференцияларға белсене қатысты. Мақалалары халықаралық, республикалық ғылыми тәжірибелік конференция материалдарының жинақтарында, «Қосымша білім және тәрбие» республикалық оқу- әдістемелік журналдарында, «Ақтөбе ұстазы», «Мектептегі кітапхана», «Кітапхана әлемі», «Үш коңыр» республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газет басылымдарында жарияланып тұрады.
Білім саласындағы көп жылғы нәтижелі еңбегі үшін бірнеше мәрте облыстық білім басқармасының, ғылыми тәжірибелік орталықтың, «Өрлеу» БАҰО –ның және колледж кәсіподағының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Картанова Айгүл Әбдіхалыққызы - қобыз класының оқытушысы. Педагог-зерттеуші. Тәжірибелі ұстаз. 2012-2018 жылдар аралығында «Мәдениет және саз» бөлімі меңгерушісі қызметін атқарды. Әр бастаған істі аса жауапкершілікпен, шығармашылықпен атқара білді.
Сол жылдары оқытушылардың қолдауымен бөлімнің барлық оқу кабинеттеріне жаңарту, безендіру жұмыстары жүргізілді. Бөлімнің тарихынан сыр шертетін және барлық жетістіктері жинақталған жаңа кабинет ашылды. Бөлімнің студенттерінің үлгерім және білім сапасы колледжде алдыңғы қатарда болды. Оқытушылар мен студенттердің шығармашылығын дамытуға үлес қосты. Колледжде көп жылғы үзілістен кейін халық аспаптар оркестрін қайта жандандырды. Қобызшылар ансамблін құрды. 2022 жылы колледжде алғаш рет «Қобыз» кабинетін ашты. Көптеген жылдар бойын оқу әдістемелік бірлестігі жетекшілігін атқарып, оқу жұмыс жоспарлары, оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеп, мамандықтың әдістемелік деңгейін көтеруге еңбек етіп келеді. Пән оқытушысы ретінде бірнеше мәрте республикалық, облыстық деңгейдегі семинарларда шебер класс, ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісуде. «Халық аспаптар оркестріне арналған партитуралар жинағы», «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар», «Аспаптану» т.б әдістемелік құралдары бар. Студенттері халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардан жүлделі орындар иеленіп жүр. Білім саласындағы көп жылғы нәтижелі еңбегі үшін бірнеше мәрте Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Шумакова Шолпан Ахметқызы - арнаулы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші. Тәжірбиелі ұстаз. «Кітапхана ісі және өнер» оқу әдістемелік бірлестік жетекшісі. Оқу жұмыс жоспарлары, оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеп, бірлестіктің әдістемелік жұмыстарын жақсы жолға қойды.2020-2022 жылдар аралығында «Мәдениет және саз» бөлімі меңгерушісі қызметін атқарды. Шолпан Ахметқызы республикалық, облыстық деңгейдегі семинарларда шебер класс, ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді. «Балалар әндерін домбыра аспабымен сүйемелдеу» әдістемелік құрал, «Домбыраға арналған педагогикалық реператуарлар» хрестоматиясы, «Музыка және оқыту әдістемесі» оқу-әдістемелік кешен, «Тәжірибе-шығармашылық бастауы» әдістемелік оқу құралдарын шығарды. Студенттері халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конферециялары мен байқауларда жоғары денгейдегі жетістіктерімен марапаттылды. Республика білім саласы үздік қызметкерлерінің қатарынан көрінгені үшін «OZATTAR-Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясына есімі енді. Шәкірт бойындағы ұшқынды тани біліп, бақ сынайтын сайыстарға белсене қатыстырып, тұлғалы азамат етіп қалыптастырудағы қажырлы еңбегі үшін Қазақстан Республикасыны ң Білім және ғылым министрлігінің, Ақтөбе облысы әкімінің, білім және мәдениет басқармасының және әлеуметтік әріптестердің, қоғамдық ұйымдардың құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.
Максимова Зауреш Бисенбиевна –дирижерлау пәнінің оқытушысы. Педагог-зерттеуші. Көптеген жылдардан бері «Музыкалық аспаптар» оқу әдістемелік бірлестік жетекшісі міндетін атқарып, оқу жұмыс жоспарлары, оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеп, мамандықтың әдістемелік деңгейін көтеруге еңбек етіп келеді. «Көңілді әуендер»,«Музыка тәрбие құралы», «Жаңа технология заман талабы» атты оқу әдістемелік құралдары, «Балабақша және мектеп әндерінің жинағы» атты электрондық ортасы жарық көрді. Студенттері халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардан жүлделі орындар иеленіп жүр. Атап айтқанда, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда жыл сайын өткізілетін республикалық Кіші олимпиадада дирижерлау пәні бойынша бірнеше жүлдегер дайындады. Зауреш Бисенбиевна облыстық деңгейде семинарлар мен шебер класс, ашық сабақтар өткізді. Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, шығармашылық жетістіктері үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, кәсіподақ Алғыс хаттарымен марапатталды.
Қарғабаева Айгүл Бақытбекқызы – домбыра класы оқытушысы. Тәжірбиелі ұстаз. Домбыра аспабын меңгертудің өзіндік әдістемесін қалыптастырған білікті маман. Студенттерден құрылған “Назқоңыр” ансамблінің жетекшісі. Республикалық, облыстық деңгейдегі семинарларда шебер класс, ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді. «Домбыраға арналған репертуар», «Домбыра ойнауды үйрету әдісінің үлгілері», «Қазақ классик композиторлары» атты әдістемелік құралдары бар. Студенттері халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардан жүлделі орындарға ие. Білім саласындағы нәтежиелі еңбегі үшін 2023 жылы Білім және ғылым министрлігінің және облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Куспанов Мербол Оразбекұлы - хор, дирижерлау пәні оқытушысы. Педагог-сарапшы. Колледждің «Жыл адамы-2018», облыстық «Жыл адамы-2022» атағының иегері. Колледждің аралас хор ұжымына жаңа бағыт, жаңа леп әкелген білікті жас маман. Мербол Оразбекұлының бастамасымен хор ұжымы республика бойынша және шетелдерге шығып, халықаралық, республикалық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанды. Колледж түлектерінің шығармашылығын дамытып, жоғары білім алып, одан әрі хор өнерін жалғастыруына қолдау білдіріп жүрген жанашыр тәлімгер. Білім және мәдениет саласындағы нәтижелі еңбегі үшін бірнеше мәрте Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, облыстық білім басқармасының, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бөлімде студенттер құрамымен ұйымдастырылған «Назқоңыр» домбырашылар ансамблі (жетекшісі А.Қарғабаева), «Қобызшылар ансамблі» (жетекшісі А.Картанова), халықтық ұжым «Гүлдер-Айым» қазақ би ансамблі (жетекшісі Ш.Айнабекова), аралас хор ұжымы (жетекшісі М.Куспанов), халық аспаптар оркестрі (жетекшісі С.Закария),«Жас STARS» театры (жетекшісі Р.Төрежанов), баян ансамблі (жетекшісі Ж.Жайшлыкова), «Саз әлемі» жайдарман командасы тұрақты жұмыс жасайды.
Колледж оркестрі мерекелік концерттен кейін
Оқытушы А.Ә.Картанова қобызшылар ансамблімен
«Назқоңыр» домбырашылар ансамблі және жетекшісі А.Б.Қарғабаева
Колледждің аралас хор ұжымы мерекелік концерттен кейін
Бөлімнің баян ансамблі
Колледждің оқу-әдістемелік кеңесінің жоспарларына сәйкес тәжірибелі оқытушылар М.Жусупова, Г.Дәулеткалиева, З.Максимова, Э.Абишева, Ш.Шумакова, А.Картанова, В.Рожков, Д.Уракова, Г.Карина М.Қуспанов, А.Жусупова,Н.Булекеева, Г.Қуламанова облыстық ғылыми-тәжірбиелік орталықпен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамымен, педагогикалық шеберлік орталықтарымен бірлесе отырып, шебер класс, коучинг-семинарлар, ашық сабақ өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісуде.
Бөлім оқытушылары облыстық, республикалық семинардан кейін
Кәсіби байқауларға қатысып, өз тәжірибелерімен қатар, кәсіби шеберліктерін дәлелдеп жүрген оқытушылар колледж мақтаныштары.
Облыстық «Үздік әдіскер» байқауында Аббасова Лариса Касеновна «Бас жүлде» иеленді(2005ж). Облыстық «Үздік педагог» байқауында Шумакова Шолпан Ахметқызы жүлдегер атанды (2020ж). Даулеткалиева Гулмирам Косымовна «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен «Бейне-сабақтар фестивалі» конкурсына қатысып, жүлделі II орынға ие болды(2021ж). Картанова Айгүл Әбдіқалыққызы республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен «Бейне-сабақтар фестивалі» конкурсына қатысып, «Үздік 10 автор» тізіміне еніп, арнайы дипломмен марапатталды(2021ж). Қарғабаева Айгүл Бакытбековна Тараз қаласында өткен кәсіби шеберліктің республикалық конкурсында «Ұлттық дәстүрлерді сақтағаны үшін» номинациясын иеленді (2022ж). Жусупова Айнур Ерболатовна облыстық «Өнерлі ұстаз» байқауында жүлделі ІІІ орын иеленді(2022ж).
Ш.Айнабекованың жетекшілігімен халықтық «Гүлдер-Айым» қазақ биі ансамблі халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп, кәсіби деңгейлерін дамытуда. 2022 жылы «Гүлдер-Айым» қазақ би ансамблі «Халықтық ұжым» атағын қорғады.
Халықтық ұжым«Гүлдер-Айым» қазақ биі ансамблі, жетекшісі Ш.К.Айнабекова және оқытушы Г.М.Есмақанова
Бөлімнің аралас хор ұжымы Д.Р.Уракова, М.О.Куспанов, Г.Е.Куламановлардың жетекшілігімен қазіргі таңда халықаралық, республикалық, облыстық сайыстарға қатысумен қатар, түрлі деңгейдегі мәдени шараларға белсене араласып, облысқа белгілі ұжымға айналып отыр.
Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқауларда өнер көрсетіп, жүлделі орындар иеленген студенттеріміз өте көп. Солардың кейбіріне тоқтала кетсек, 2011 жылы облыстық хор ұжымдары байқауында колледж хоры «Бас жүлде» иеленсе, сол жылы халықаралық «Жұбанов көктемі-2011» конкурс-фестивалінде ІІ орын жеңімпазы атанды (жетекшісі Н.А.Айтбаева, концертмейстері Е.Павлова). Ресей мемлекетінің Санкт-Петербург қаласында өткен «На крыльях таланта» халықаралық конкурс - фестивалінде «Бас жүлде» және «Абсолютті жеңімпаз»2013ж, Алматы қаласында өткен «Shyndau» республикалық байқауда «Бас жүлде» иеленді (жетекшісі М.О.Куспанов, хормейстрлері Г.Е.Куламанова, концертмейстрі З Умурзакова). «Shine Astana-2018» халықаралық жобасында колледждің хор ұжымы өнер көрсетті (жетекшісі Д Р Уракова, хормейстр Г. Е. Куламанова).
Алматы қаласы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында жыл сайын өтетін дирижерлау мамандығы бойынша республикалық кіші олимпиадаға қатысу дәстүрге айналды десек болады. Ең алғаш М.Куспановтың жетекшілігімен Р.Төрежанов қатысып, жүлделі орын иеленсе, одан кейінгі жылдары С.Рашит, Ә.Тәжіғұлов І орын (жетекшісі М.О.Куспанов), Б.Нұртуған ІІІ орын (жетекшісі Д.Р.Уракова), Ж.Сәти, А.Айжарық ІІІ орын иеленді (жетекшісі З.Б.Максимова).2023 жылдың сәуір айында осы дәстүр бойынша З.Максимова музыкалық білім беру мамандығының 3 курс студенті Т.Утегеновамен аталған конкурсқа қатысып, мамандандырылған музыкалық оқу орындары студенттерінің арасында 94 қатысушы бақ сыныған үлкен додада жүлделі ІІІ орын иеленді.
«Галактика талантов» халықаралық байқауында аспаптық жанр (фортепиано) бойынша С.Оспанқызы «Бас жүлде» иеленді (жетекшісі Г.Н.Сатмаганбетова).
«Alash star» халықаралық өнер байқауында аспаптық жанр(қобыз) бойынша А.Мухамбетова «Бас жүлде» иеленді (жетекшісі А.Ә.Картанова).
«Әлем талант sTars» халықаралық байқауында эстрадалық вокал номинациясы бойынша Т.Мақсатова «Бас жүлде (жетекшісі А.А.Байтурешова).
«Дарабоз» республикалық шығармашылық байқауында «Наз қоңыр» домбырашылар ансамблі «Бас жүлде», аспаптық жанр (домбыра) бойынша А.Құспанов «Бас жүлде» иеленді (жетекшісі А.Б.Қарғабаева).
«Наурыз айы туғанда» халықаралық өнер байқауы аспаптық жанр (домбыра) бойынша Қ.Жұманиязова «Бас жүлде» (жетекшісі А.Е.Жусупова).
«Алтын адам мекені» республикалық өнер байқауында баян номинациясы бойынша Б.Бақытжанұлы «Бас жүлде» (жетекшісі Э.А.Абишева), академиялық вокал номинациясы бойынша Е.Мұрат І орын иеленді (жетекшісі А.А.Абишев), «Jastar»
Республикалық байқауында баян номинациясы бойынша М.Елшінбеков І орын иеленді (жетекшісі Ж.Жайшлыкова), Республикалық «Алтын адам мекені» байқауында домбыра номинациясы бойынша А.Актаубаева І орын (жетекшісі И.Кенжеғалиева).
Республикалық конкурс жеңімпаздары. Оқытушы А.Байтурешова және шәкірті С.Оспанова байқауда
Профессор, дирижер Б.Ә.Жаманбаев, оқытушы З.Б.Максимова және дирижерлау пәнінен олимпиада жеңімпазы Т.Утегенова
Колледждің хор ұжымы Санкт-Петербург қаласындағы байқауда
Орынбор қаласында өткен байқау жеңімпаздары және оқытушы Г.Олжабаева
Колледждің аралас хор ұжымы кезекті байқауда, жетекшісі Д.Уракова, С.Жұбатқан, концертмейстер Ж.Ибраева
Бөлім студенттері халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға оқытушыларының жетекшілігімен қатысып, шығармашылық ізденістерін шыңдап жүр. Атап айтқанда, С.Шерниязова «Бас жүлде» (жетекшілері М.Жусупова, Г.Сатмагамбетова), А.Зейнекен І орын (жетекшісі Г.Даулеткалиева), Н.Нұрлан І орын (жетекшісі Ш.Шумакова) иеленді.
Жас маман Р.Төрежановтың ұйымдастыруымен студенттерден құрылған «Театр» үйірмесінің «Әлем сұлу сіздермен нәзік жандар», «Жарығым-ай», «Соңғы сөз» атты сахналық қойылымдары көрерменнің ризашылығына ие болды.
2020-2021 оқу жылынан бастап облыста «Музыкалық білім беру» құзіреттілігі бойынша Worldskiils аймақтық чемпионатын өткізу үрдіске айналып келеді. Осы мамандық бойынша алғаш рет Н.Набиева (жетекшісі М.Жусупова) мен А.Тауманова (жетекшісі Ш.Дюсова) қатысып, Н.Набиева жүлделі I орын және 30000 теңге сыйақы иеленді. Одан әрі Республикалық чемпионатқа қатысып, 1 орын, алтын алқаны жеңіп алды (жетекшісі М.Жусупова).
2021-2022 оқу жылының сәуір айында «Музыкалық білім беру» құзіреттілігі бойынша колледжішілік чемионат өтті. Ал, 18-21 мамыр айында облыстық чемпионат өтіп, оған Б.Жарқын, (жетекшісі А.Картанова), Д. Ешбағанбетова (жетекшісі Ж.Жайшылықова) қатысты. Облыстық чемпионатта Б.Жарқын жүлделі I орын және ақшалай сыйақыны иеленді. 2022-2023 оқу жылында «Worldskills Aktobe-2023» чемпионатында «Музыкалық білім беру» құзіреттілігі бойынша А.Құрмалақова І орын (жетекшісі Н.Булекеева), К.Дауленбаева «Кәсіби маман» номинациясын иеленді. Осы жылы алғаш рет өткізілген «Оркеср(ансамбль) жетекшісі» құзіреттілігі бойынша А.Ерболат І орын (жетекшісі А.Картанова), «Хореографиялық ұжым жетекшісі» құзіреттілігі бойынша А.Джамбаева І орын, Ж.Даукенова ІІ орын (жетекшісі Г.Есмақанова) иеленді.
VІ республикалық «Worldskills Kazakstan» чемпионатының Алтын алқа иегері Н.Набиева және жетекшісі М.М.Жусупова
«Worldskills Aktobe-2023» чемпионатының жеңімпаздары
Бөлімде оқу-тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылған. 10 топта 217 студент білім алуда. Колледж, ата-ана және студенттер арасында алтын көпір болып, тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдасырып отырған топ жетекшілердің еңбегін ерекше атап өтуге болады. Шығармашылықпен ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде бөлім екі мәрте «Үздік бөлім» (2014,2021ж) атағын иеленсе, «Үздік топ» атағын бірнеше жыл қатарынан жеңіп алып отырды (2014,2015, 2018ж) Үздік топ жетекшіліері М.Қ.Бірәлі, Г.С.Карина, Д.Р.Уракова. 2020жылы музыкалық білім беру мамандығының студенті Н.Набиева ҚР колледждерінің «ТОП 100 студенттері» жобасының жеңімпазы атанды. Бөлімдегі жүйелі тәрбие жұмысының тағы бір дәлелі, топ жетекші А.Е.Жусупова облыстық «Шығармашыл жетекші-2021» байқауының жеңімпазы атанды. Бөлім студенттері колледжде дәстүрлі өтетін «Бозбала мен бойжеткен», «Жігіт сұлтаны», «Жайдарман» ойындары т.б жастар шығармашылығын дамытуға арналған байқауларда алдыңғы орындарда келеді. 2023 жылы колледжішілік «Мисс АГК» сұлулық байқауында Ерболат Айшабибі «Мисс АГК» атағын жеңіп алды.
«Мисс АГК» байқауың жеңімпазы Ерболат Айшабибі
Республикамыздың, облыстың түкпір-түкпірінде өз саласы бойынша еңбек етіп жүрген түлектеріміз көптеп саналады. Колледж қабырғасында білімнің қайнар бұлағынан мейілінше қанып сусындаған түлектеріміз, бүгінде өнер мен білім саласында абыройлы еңбек етіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып жүр. Түлектердің жұмысқа ораналасуы 98% құрайды.
Білім ұрпақтан - ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие! Демек, толағай табыстармен ғасырлық жолды жүріп өткен білім ордасының шежіресі мен тарихы, өнегесі мен тәлім-тәрбиесі ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгі жасай берері хақ!