Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

Кітапхана ісі

Кітапхана ісі

«Кітапхана ісі» мамандығының КТХ -315 топ білім алушылары КМ 7 ОН 7.4 «Оқырмандардың әртүрлі топтарына арналған білім беру және мәдени-тәрбие бағдарламаларын ұйымдастырады және өткізеді» С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасынан және тағыда басқада кітапханалардан дипломалды практикадан өтті.
«Кітапхана ісі» мамандығы бойынша дипломалды практиканың негізгі мақсаты – студенттің оқу барысында алған теориялық білімдерін кітапхана мекемелерінде іс жүзінде қолдану арқылы кәсіби дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру. Практика студентке болашақ мамандығының ерекшеліктерімен терең танысуға, заманауи кітапхана қызметінің құрылымы мен технологияларын меңгеруге, сондай-ақ дипломдық жұмысқа қажетті материалдар жинақтауға мүмкіндік береді.
Практика аясында студенттер КМ 7 ОН 7.4 – «Оқырмандардың әртүрлі топтарына арналған білім беру және мәдени-тәрбие бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу» құзыреттілігі бойынша нақты жұмыстар атқарды.
• Балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби кештер ұйымдастырылды;
• Қарт оқырмандарға арналған танымдық сағаттар мен кітап көрмелері өткізілді;
• Заманауи форматтағы шеберлік сағаттары мен ашық пікірталастар жүргізілді;
• Оқырман сұранысына сай мәдени-танымдық бағдарламалар әзірленді.
Бұл жұмыстар студенттердің кәсіби тәжірибесін арттырып қана қоймай, кітапхананың оқырманмен байланысын нығайтуға да септігін тигізуде. КТХ-315 топ білім алушылары КМ 7 ОН 7.4 – «Оқырмандардың әртүрлі топтарына арналған білім беру және мәдени-тәрбие бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында дипломалды тәжірибеден өтіп, өздерінің білімдерін көрсете білді.
Жетекшісі: Ескарина Райла Жаксыбаевна


kk ru en