«Кәсіби шеберлік конкурсы – 2026» салтанатты түрде ашылуы өтті.
📍2026 жылдың 12 қаңтар күні Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған «Кәсіби шеберлік конкурсы – 2026» салтанатты түрде ашылуы өтті.
🔹Ашылу рәсімінде конкурстың мақсаты мен міндеттері таныстырылып, қатысушыларға сәттілік пен шығармашылық табыс тілектері білдірілді.
🔹Бұл байқау – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, озық тәжірибені насихаттауға және жаңашыл идеяларды қолдауға арналған маңызды алаң.
🔹Барша қатысушыларға сәттілік, шабыт және жоғары нәтиже тілейміз! 🌟


